Бүгін 2018 жылы 14- наурыз айында Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті мен Атакент өңірінің жауапты имамдары және өзге де дін қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ- нің Мақтарал ауданындағы филиалының жұмысымен танысып қайтты. Жиын барысында Б. Шаймерден мекеменің негізгі қызметтерімен таныстырып, «тек дін мәселелерін зерттеу ғана емес, оны шешудің де» жолдарын қарастыратын мекемеге айналдыруға атсалысуға шақырды. Осыған орай, Атакент кенті, Мырзақұл ата мешітінің имамы У. Шындаулиев мекеме қызметкерлерін жаңа бастамамен құттықтап, алдағы істеріне табыстар тіледі. Сонымен қатар, асыл дініміз Ислам жолында, кең байтақ, тәуелсіз Еліміз жолында біргелікте қызмет жасап, тығыз қарым- қатынаста болуға уағдаласты. Орталықтың қызметкерлері М. Салиходжаев, Д. Аманов мешіт имамдарымен біргелікте жоспарлар алмасып, екі өңірдің діни ахуалдарынан хабар алды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі