Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастар мен жасөспірімдердің ата-ана мен қарым-қатынасын жақсарту, келеңсіз жат қылықтар мен аутодеструктивті оқиғалардың және ерте жүктіліктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша Жыланбұзған, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі орта мектептерде «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақрыбында кездесу, дөңгелек үстелдер мен ата аналар мен жиындар болып өтті. Бұл шараларға арнайы Ленгер қалалық емхана, аудандық білім бөлімі, АІІБ, «Жастар ресурстық орталығы», әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу мамандары мен Аудандық «Нұр» мешіті бас имамы Анарбаев Самат қажыда қатысты. Жалпы кездесу мақсаты айқын, жастар мен тәрбие туралы, түсіндіру жұмыстары, жат қылықтардың алдын алу туралы тағы басқа да еліміздің болашағы жастар туралы маңызды тақырыптар қамтылды. Бүгіні жас ертеңгі ата-ана.
Төлеби ауданы «Нұр» мешіті баспасөз қызметі