Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансуров Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Уағыз айтудың әдебі» атты танымдық семинарға қатысты.
Семинарды шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, жүргізді. Семинар барысында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансуров арнайы дәріс оқып, өзінің мол тәжірибесімен бөлісті.
Аталмыш семинарға мешіт имамдары мен әйел ұстаздары қатысып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жүздесу соңында арнайы келген ұстазға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38