Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен, биылғы «Ислам және Отбасы» жылына орай қазахи құндылқтарды дәріптейтін, мәдениет саласының темірқазығы «облыстық мәдениет және халықтар шығармашылығы орталығында» облысымыздың руханиятына қызмет етіп жүрген өнер адамдарымен кездесу өтті. Кездесуде отбасы, әке мен ананың орны, бала тәрбиесіндегі құндылықтар кеңінен айтылды. Оған А. Қаттани мешітінің қызметкері Н. Мұсаев қатысты. Жыл соңына дейін, осы аталған мекемеде рухани іс шаралар жоғарыда қозғалған тақырыптар негізінде ұдайы жалғасатын болады.
А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметі