




Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде қасиетті жұма күні мешітке келген жамағатқа арнайы «Мәуліт тәттісі» таратылды.
Игі шара барысында жұма намазына келген 800-ге жуық жамағатқа тәттілер үлестіріліп, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ге деген сүйіспеншілік пен ізгі ниет көрініс тапты.
Алла Тағала осы қайырлы іске себепкер болған барша азаматтардың ниеттерін қабыл етіп, жасаған игіліктеріне мол сауаптан жазсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
