Шымкент қаласы Абай ауданы «Ғалым Абдусаттар Сманов» мешітініде әйел жамағатына «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда «Отбасы- Алланың ұлы нығметі», «Әйел — отбасы ұйытқысы», «Бақытты әйел» тақырыбында тоқталып өтті.

Қоғам көркеюіне бақытты отбасының қосар үлесі, отбасының баянды болуында әйелдің алар орны, салиқалы әйел сипаттары жайлы кеңінен ашықталды.

Семинарда «Абдусаттар Сманов» мешітінің бас имамы Ергешов Тәңірберген имам ақ жаулықтыларға шарғат шеңберінде отбасы жайлы кеңінен тоқталды. Әйел жамағатының ұстазы Қадырова Жамал сұқбат берді. Сонымен қатар, «Күл астындағы гүл» кітабының авторы Арайлым Алмасқызы, «Берекелі таң» атты әйелдерге рухани даму жобасының жүргізушісі Сатыбалдиева Салиха ханым өз еңбектерінен әйел жамағатына кеңестерімен бөлісті.

Жамағаттың «Зерделі әжелер» тобынан Әлиева Дариха апа еліміздің руханияты көркеюіне, семинардың жемісті нәтиже беруіне ақ батасын беріп өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38