Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерінде Мухаррам айының кешінде ауызашар берілді.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұсабек, Ақтамберді Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев т.б азаматтар қатысты.
Рухани шараға арнайы қалалық Әжелер мектебінің мүшелері қатысып, аналық ақ баталарын арнады.
Рухани шара аясында уағыз-насихат айтылып, елдің амандығы үшін дұға жасалды.
Игі шара аясында қалалық Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыгүл қажы ана бастаған әжелерге Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов атынан алғыс айтып, ризалық білдірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






