Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мешіті мен қалалық Зекет қайырымдылық қоры қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасына шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған аудан бас имамдары қатысты. Әуелі жиналған жұрт алдында қасиеті Құран оқылып, бата жасалды. Осыдан кейін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ізгі ниет, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтау сөзін арнады. Жалпы қайырымдылық шарасы барысында 500 аз қамтылған мұқтаж, көп балалы отбасылар, жетім-жесірге азық-түлік салынған себет үлестірілді.
Алла Тағала кәсіпкер азаматтардың кәсібіне табыс, береке берсін деп тілейміз.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38