Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мұрындық болуымен
Дінтану Сараптамасына арналған семинар өтті.
Семинарға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев және қалалық Сараптама бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров және қала имамдары қатысты.
Жуырда Астана қаласында ҚМДБ Сараптама бөлімінің ұйымдастыруымен дінтану Сараптамасының форумы өткен болатын. Осы форумда қабылданған шешімдер мен талаптар жан-жақты талқыланып, түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап берілді.
«Негізгі мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына, мешіт қауымына дұрыс әрі тексеруден өткен сенімді кітаптарды насихаттау, жат ағымдардың алдын алу болып табылады», — деді Мұхамеджан Естеміров.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38