Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде қасиеті Құрбан айт қарсаңында ҚМДБ Уақып қорының жұмысын насихаттауға арналған оқу-жаттығу семинары өтті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылады семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов атынан найб имам Ахметжан Керімбек, қалалық Халал Даму мекемесінің басшысы Қазыбек Сарыбаев және аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Уақып қорының жетекші Ералы Есенгелдиев т.б аудан имамдары қатысты.
Семинар барысында қалалық Уақып қорының жетекші Ералы Есенгелдиев арнайы баяндама жасады. Мұнымен қатар, жоспары мен атқаратын жұмыстар талқыланды.
Осыдан кейін, қала деңгейінде аудандық өкілдерімен жеке құрамда басқосу ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Кездесу барысында аудандық Кенесары хан мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров баяндамашы мамандарға алғыс айтып ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38