Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде қасиеті Құрбан айт қарсаңында қасапшы мамандарды дайындауға арналған семинар өтті.
Мазмұнды семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов атынан найб имам Ахметжан Керімбек, қалалық Халал Даму мекемесінің басшысы Қазыбек Сарыбаев және аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров т.б аудан имамдары қатысты.
Семинар барысында қалалық Халал Даму мекемесінің басшысы Қазыбек Сарыбаев арнайы баяндама жасады. Халал индустриясы мен қатар мал сою ережелері мен нормаларын түсіндірді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Кездесу барысында аудандық Кенесары хан мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров баяндамашы мамандарға алғыс айтып ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38