Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде
қасиетті Құрбан айт мерекесіне байланысты кеңейтілген мәжіліс ұйымдастырылды.
Мәжіліске ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев және қалалық Сараптама бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров және қала имамдары қатысты.
Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынады. Ата айтқанда, Дәстүрлі түрде айт мерекесі күндері мешіттерде ұлттық салт-дәстүрге сәйкес өткізіледі. Онда ұлттық ойын түрлері, мерекелік дастархан жайылады. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж жанға «Раббың үшін Құрбан шал» атты акциясы аясында қол ұшын беріп, айналасына шуағын түсіріп, шапағатын тигізеді. Қашықтан құрбан шалуға арналған арнайы сайты жұмыс жасайды. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға және балаларға көңіл бөлу – сауапты іс екендігі айтылды.
Айта кетейік, Құрбан айт намазы Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерде 27-мамыр күні таңғы сағат 6:00-де оқылады. Құрбан айт намазын оқу, қатысу ер мен әйелге уажіп амал болып саналады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


























