Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асып жатқан «Дархан дала» жобасы бойынша рухани сапар ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам мешітінің шәкірттері Самарқанд, Бухара, Сурхандарё, Қашқадарё, Шахрисабз, Хоразм, Ташкент қалаларына зиярат жасады. Сапарға 34 адам қатысты. Ислам цивилизация орталыға, Имам Бухари, Имам Термизий, Имам Насафий, Имам Матурудий, Амир Темур, Сопы Аллаяр, Шахи зинда, 7 пир, Бахауддин Нақшбанди сияқты  атақты ғалым, әулие кісілерді зиярат  етті. 

 Сапар барысында зиярат әдебі мен дін мен дәстүр туралы сабақтар өтiлді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38