1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай ОҚО, Сарыағаш ауданы, «Сарыағаш орталық» мешітінің ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам!» атты іс-шара өтті. Сарыағаш қаласының бір топ қарияларын құрмет тұтып, арнайы дастархан жайылды.
Қазыналы қариялар бірінен-кейін бірі сөз алып, еліміздің өркендеп өсуіне жылы лебіздерін білдірісіп, өнегелі әңгімелерімен бөлісе отырды.
Сарыағаш ауданының бас имамы Берік Қалдаров қазыналы қарияларды құрметтеудің сауаптылығы жайында уағыз айтты. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары домбырамен терме айтты. Қарияларға мешіт атынан кітаптар берілді. Жиын соңында Құран оқылып, ел амандығы үшін дұға жасалды.
Қазыналы қарияларды құрметтеп, ақ дастархан жайған аудан имамы Берік Қалдаровқа және мешіт ұжымына ақсақалдар ризалықтарын білдірді.
Сарыағаш аудандық мешіттің баспасөз қызметі