ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен Еңбекші ауданына қарасты, “Тура жол” мешітінің ұйымдастыруымен, касіпкер бауырларымыздың берген зекеттрі, аз қамтылған 10 от- басыға, әр от-басыға 30 000тг ден қаржылай көмек үлестіру шарасы болып өтті. Толық жұмсалған қаражат 300 000 тг құрайды! Шараға “Тура жол” мешітінің бас имамы Ергешов Тәңірберген және мешіт имамдары қатысып көмек алушы от- басыларды Ораза айттарымен құттықтап бақ береке тіледі. Осы шараға ат салысқан барша жандарға алғысымыз шексіз, Алла разы болсын.




