ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл-Фараби аудандық Ордабасы мешітінің имамы Ералы Сапарбайұлының ұйымдастыруымен 80 мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды.
Игі бастаманы Шахар Бас Имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастап, әрбір отбасыға береке мен тыныштық болуын тілеп, жақсылыққа атсалысқан әрбір жанашыр жандарға алғыстарын айтты.
“Рамазан қоржыны” әрбір отбасыға қуаныш сыйлап, ерекше бақытқа бөлейтін қасиетті айдың қайырымды қоры. Барша атсалысқан жандарға Алла разы болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38