Бүгін қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешіті мен Зекет қайырымдылық қоры Рамазан сыйы қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкерлерге шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров алғыс айтып, ризалық білдірілді. Игі шара бұл жолы Рамазан айы Ораза айт мерекесі қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 160 отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен азаматтарға Алланың нұры жаусын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










