Шымкент қаласы Тұран аудандық»Қождан ата» мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында 14 наурыз – Амал мерекесіне орай тағылымды шара өтті. Шара барысында ұлттық дәстүрлер насихатталып, көрісу күніне байланысты салт-дәстүрлер туралы кеңінен айтылды. Ақсақалдар бір-бірімен көрісіп, ақ тілектерін білдіріп, шара соңында батасын берді. Сонымен қатар, ел ағасы болып жүрген ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Мерекелік шара жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы бірлігін нығайтуға бағытталды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38