Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және Дәстүр және отбасы бағыты аясында әз Наурыз мейрамы — Көрісу күні Амал күні Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде жамағат сапында жүрген ақсақалдарға құрмет көрсету шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында Мұхамеджан Естеміров айтулы мерекемен құттықтап, мешіт ақсақалдарына рахмет айтып, дәстүр бойынша шапан жауып ақ батасын алды.
Айта кетсек, тұңғыш ұйымдастырылған шара барысында ел ағалары Мүфтияттың дәстүр мен отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38