Шымкент қаласы, Абай ауданы, Насруддин мешіті
Шымкент қаласы Абай ауданындағы Насруддин мешітінің әйелдер жамағаты 1 наурыз алғыс кұніне «Шаттық шеңбері» аясында өзара бас қосып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара барысында Алла Тағаланың 99 көркем есімінің екінші бөлімі бойынша танымдық әрі рухани кеш ұйымдастырылды.
Қатысушылар 4 топқа бөлініп, көрнекіліктер дайындап, Алла Тағаланың көркем есімдеріне арналған жеке авторлық өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, әр есімді арабша нұсқасымен, қазақша мағынасымен рет-ретімен жаттап келгендерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жамағат өнерлерін де ортаға салып,мазайкамее топтық жұмыс жасады арнайы дайындалған суреттерге Алланың 33 көркем есімінң жатталған 66 сын 4 топ *Жүрегімдегі Алланың көркем есімдері* атты жүрекшені қызылмен бояп жаттағандарына сенімді болды , шығармашылық қабілеттерін танытты. Іс-шара өте әсерлі, мазмұнды әрі тағылымды өтті. 4 топтың қатысушылары әр қайсысы Нашид дайындап келген.Алланың 99 көркем есіміне, Пайғамбарымыз Мухаммед саллаллааһу. ‘аләйһи уә сәлләмға сағыныш әндері өте әсерлі болды. Соңында Аллаһ Тағаланың көркем есімдерін жамағатпен бірге зікір етілді.












