Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және Рамазан анықтамалығы мен оқу-ағарту бағытының жоспарына сәйкес «Намаз үйренейік» шарасы ұйымдастырылды.
Жаңадан намаз бастаушыларға арналған курстар ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының қолдауымен қолға алынды.
Аталмыш курсты аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров өзі бастап берді. Негізгі мақсаты — жаңадан намаз оқып үйренушілерге дұрыс бағыт сілтеу болып табылады.
Насихат барысында тарапынан көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Мұнымен қатар, аталған курсты аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров тарапынан мешіт имамдарына тапсырма беріліп, намаз оқып үйрену курсы тұрақты түрде өткізіліп жатқанын атап өтті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



