Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында және дәстүр және отбасы бағыты бойынша Шымкент медресе колледжінде «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың қолдауымен қолға алынды. Оқу орында ауызашар беру үшін «Рамазан шатыры» атты дастархан әзірленді. Ауызашар дастарханын берекелі һәм мерекелі ету үшін уағыз айтылып, студенттердің көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілуде. Мұнымен қатар, дін мен дәстүр құндылықтары аясында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылды. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38