2018 жылғы 24 ақпан күні, Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшіліктің қолдауымен облыстық ардагерлер кеңесі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкілдігі жанынан құрылған Ақылдастар алқасының кеңейтілген мәжілісі өтті.
Отырыс «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» тақырыбына арналды.
Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жүргізді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А. Ұтысханұлы, облыстық «Ақылдастар алқасының» мүшелері қоғам қайраткерлері Р.Халмұрадов, Ш.Мырзахметов, Ә. Досболов, Д. Шерімқұлов, жазушы М.Байғұт, т.б қала, аудан мешіттерінің бас имамдары, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері төрағалары, төбе билер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар төрағалары, әйелдер қауымдастығы өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары БАҚ өкілдері қатысты.
Бас қосу бағдарламасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А. Ұтысханұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, жазушы М.Байғұттың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаевтың, т.б. арнайы баяндама жасап, сөз сөйледі.
Мәжіліс барысында ұлттық салт – дәстүр мен діни рәсімдердің сақталуындағы аға буынның рөлі, қазіргі қоғамдағы діни рәсімдер мен жоралғыларды жүргізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері талқыланды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «жаназа және діни рәсімдер» кітабын басшылыққа алып, атқарылуды қолдап облыс халқына үндеу тасталды. Осыған орай, арнайы жұмысшы топ құрылуын алға тартып, сөзіміз ісімізден алшақ болмауына аса мән берді. Жиын соңында ақылдастар алқасы ой, пікірлерімен бөлісіп, басталған іске жұмыла кірісуді қолдады.
ОҚО Орталық мешітінің баспасқз қызметі