Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Сейітжан қари мешіті жанындағы бір ай көлемінде ілім алған шәкірттер арасында «Кім шапшаң?» атты қызықты әрі танымдық сайыс ұйымдастырылды. Шәкірттер екі топқа бөлініп, «Рауда» және «Рамазан» топтары өзара білім мен жылдамдықта бақ сынасты.
Сайыс барысында қатысушылар шамсия және қамария әріптеріне, сондай-ақ мәд түрлеріне қатысты мысалдарды ептілікпен тауып, мәтіндерді шапшаң әрі анық оқудан жарысты. Әсіресе, зеректік пен ұйымшылдық танытқан «Рауда» тобы алға шығып, үздік нәтиже көрсетті.
Мұндай жарыстар шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттырып қана қоймай, достық пен ынтымақты нығайтып, ілім жолына деген сүйіспеншілігін күшейтетіні сөзсіз. Алла Тағала баршасына ілімдерін пайдалы етіп, амалдарын қабыл етсін!





