«Тура жол» мешіті әйел-қыздар жамағатында қорытынды емтихан
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Тура Жол» мешіті қасындағы әйел-қыздарға арналған діни сауат ашу курсындағы жылдық оқу мерзімінде екінші үш айлықта өтілген сабақтардан қорытынды емтихан алынды.
Шәкірттер осы уақыт ішінде өтілген мына бағыттар бойынша ауызекі және жазбаша емтихан тапсырды:
— Тәжуид ережелерімен Құран оқу;
— Арнайы дұғаларды жаттау;
— Ислам әдептері.
Емтиханды аталмыш мешіттің әйел-қыздар ұстазы Насиба Исмаилова бақылап тұрды.
Айта кетсек, бұл емтихан «Тура Жол» мешіті қасындағы діни сауат ашу жылдық курстарында шәкірттерден әр 3 ай сайын алынатын емтиханның екінші кезеңі болып табылады.





