Бүгін ҚМДБ Рамазан айына арналған жоспары сәйкес Шымкент орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне «Бір күнде — бір Хатым» атты тікелей эфир арқылы онлайн және офлайн Құран дәрістері мен хатым оқу жалғасуда.
Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тікелей бастамасымен ұйымдастырылды.
Құран хатымды күнделікті әл-азһар универсиетінің түлегі, ұстаз Нұрсұлтан қари Мамедалиев және бес аудандық мешіттерінде жалғасын тауып , оқып отырады.
«Негізгі мақсат – қасиетті Рамазан айында тарауық намазында Құран Кәрімді толық оқу мен қатар, қасиетті айдың әрбір күніндегі бесін мен асыр намазы арасында Құран хатым оқу және Құран дәрістері ұйымдастылуда»,,- Мұхамеджан Естеміров.
Айта кетсек, биылғы жылы шаһар бойынша 108 қаридың қатысуымен 84 мешітте Тарауық намазында Құран хатым оқылуда. Бұдан бөлек, 92 мешітте күндізгі намаздарға Құран хатым оқылып жатыр.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38