Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және жуырда ашылған дәстүр және отбасы бағыты аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен ҚР Жазушылар одағының Шымкент бөлімшесі бірлесіп Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Игі шара шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, ҚР Жазушылар одағының Шымкент қаласы бөлімінің басшысы Әбдіәкім Момбек, жазушы Захриддин Қыстаубай, ҚМДБ Ақылдастар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, найб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Самат Сапарханұлы т.б ақын жазушылар, Жастар ісі секторы мен мешіт имамдары қатысты.
Тұңғыш ұйымдастырылған шарада дін, діл, руханият, салт-дәстүр және отбасы құндылықтары сөз болды.Бірқатар имамдары ыз араб, парсы, түрік шағатай тілдерінде жазылған еңбектерді оқып, мағынасып талдап, түсіндірді.
Игі шара аясында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Қатысушылар тарапынан арнайы басқосу, семинар өткізуге келісім жасалды. Өйткені дін мен дәстүр — бұл мәселе өзекті болып табылады. Жалпы зиялы қауым өкілдеріне Мүфтияттың атқарып жатқан жұмыстары кеңінен түсіндіріліп, баяндалды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38