Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басшысының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және Ислам және адал қоғам жылы аясында Шымкент қаласы Түркістан сарайында «Дәстүр және отбасы» атты рухани танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық Дін істер басқармасының басшысы Серғазы Әбілхаиров, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Басқосу барысында ҚМДБ төрт бағыт аясында жұмыстары, жастар тәрбиесі, дін мен дәстүр құндылықтары т.б өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, атқару мәселелері талқыланды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38