Бүгін Шымкент қаласында орналасқан Шымкент медресе колледж студенттеріне Жастар және жасанды интеллект тақырыбы бойынша семинар өтті.
Семинарға найб имам Ахметжан Керімбек, дін мен дәстүр бойынша жетекшісі Самат Сапарханұлы, аудандық Жастар ісі секторының жетекшісі Ержан Нарботаев қатысып, мазмұнды баяндама, дәріс оқыды. Семинар барысында сұрақ-жауап арқылы көп мағлұматтарға қанықты. Жалпы өте пайдалы басқосу болды.
Семинар барысында арнайы қатысып, баяндама жасаған имам, ұстаздарға Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38