Шымкент қаласы, әйел-қыздар секторы, Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде «Ислам әдептері» тақырыбында нәзік жанды әйел жамағатына бір айлық марафон ұйымдастырылды. «Әдепсіз ғалымнан, әдепті мұсылман жақсы» дегендей, әдеп — амалдарымыздың басты бөлігі. Марафонда дініміздің ерекшелігі болған, ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) үйретіп кеткен әдептерін күнделікті өтіп, орындау үшін тапсырмалар беріледі. «Көппен көтерген жүк жеңіл демекші» жамағат болып бірге орындаған тапсырмаларда береке болып, уақытылы орындалуға мүмкіндік туады.
«Әйел әдебімен әдемі» болғандықтан, Ислам дінінде әдепті, салиқалы әйел ең үлкен нығмет болып саналады. Марафон ашылуы өткізіліп, сүннет пен әдеп амалдарын сүйіспеншілікпен бастау үшін, Досжанова Балжан ұстаз «Мұсылман әйелдің әдебі» тақырыбында уағыз жүргізді. Сонымен қатар, қатысушыларға мақсатын нақтылау үшін әдеп жайлы сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.



