Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы Абай ауданы Бибісара аға мешітінде «Дәстүрдің діндегі орны» атты рухани танымдық кездесу өтті.
Игі шараға Абай ауданының бас имамы, дін мен дәстүр саласының магистрі Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, жамағатқа дәстүрдің діндегі орны тақырыбында насихат айтты.
Негізгі мақсаты – дін мен дәстүр құндылықтарын насихаттау, Жастар тәлім-тәрбиесі, қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгініне тоқталу, аймақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін таныстыруға бағытталған.
Басқосу барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Кездесу жамағат сұранысына орай тұрақты өтетін болып шешілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38