IMG 651

IMG 651

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайының кіші залында елімізге танымал дінтанушы-философ, теолог, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Тұрсынбайұлы Кенжетаевтың 50 жылдығына орай «Иасауитану зерттеулері мен проблемалары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияға ҚМДБ ОҚО бойынша Өкіл имам, Түркістан қаласының бас имамы, имамдар, елімізге танымал дінтанушылар, ғалымдар, қала әкімінің орынбасарлары, ОҚО Дін істері басқармасының өкілдері, ОҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» өкілдері, елімізге танымал университет өкілдері, студенттер қатысты.
Өз кезегінде ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің арнайы «Құттықтау» хатын оқып, ісіне табыс тілеп, иығына шапан жапты. Шара барысында Досай Кенжетай ағамызды қатысушы тараптар өз кезектерінде бүгін айтулы мерейтойымен құттықтаулар арнап, қазақтың игі дәстүрі бойынша иығына шапан жапты.
Шара жоғарғы деңгейде өтіп, Досай ағамыз барша келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Досай Тұрсынбайұлы Кенжетаевтың еңбектері:
1. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы (Түркістан, 2004);
2. Көңілдің айнасы (Мират-ул Кулуб) (Анкара, 2003);
3. Қазақ даласының ғұламалары (Шымкент, 2009);
4. Дінтану. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық (Алматы, 2010);
5. «XIX-XX ғ. Қазақ зияалылары және діни ахуал» Оқу құралы (Шымкент, 2010);
6. Қазіргі жағдайдағы исламның әлеуметтік тұжырымдамасының негіздері. Оқу әдістемелік құралы (Астана, 2011);
Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымының түркі ислам философиясы тарихындағы орны (Түркістан, 2012);
7 Исламда діни тәжірибе психологиясы (Алматы, 2012);
8. Ислам философиясы (Алматы, 2012);
9. Діни таным және жат ағымдар (Алматы, 2012);
10. Ислам өркениеті (Алматы, 2012);
11. Түркі ислам философиясы (Алматы, 2012);
12. Ислам діни негіздері мен тарихы (Алматы, 2012);
16. Қазақ мұсылмандық түсінігінің ерекшеліктері (Алматы, 2012);
13. Сопылық тарихы және философиясы (Алматы, 2012).

Марапаттары:
Д.Т.Кенжетаев «Халықаралық Туркия-Қазақстан достық қоғамы сыйлығы» (Түркия, 1999 ж.), «Жас ғалымдар сыйлығы» (Әзербайжан, 2000 ж.), «Түркі дүниесіне еңбек сіңірген қайраткер» (2010 ж.), «Жылдың үздік ұстазы» (2011 ж.) белгілерімен марапатталған.

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

IMG 644

IMG 645

IMG 646

IMG 647

IMG 648

IMG 649

IMG 650

IMG 651

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38