Бүгін елордамыз Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен жылдың алғашқы Төралқа мәжілісі өтті.

Жиынға ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері, облыс және қала бас имамдары, діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысты.

Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сондай-ақ «Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай 35 айтулы шара» жоспары бойынша атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Бұдан бөлек ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр және отбасы, жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша жыл бойы жүзеге асырылатын ауқымды іс-шаралар жоспары баяндалды.













By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38