Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Тура Жол» мешіті қасындағы әйел-қыздарға арналған діни сауат ашу курсындағы жылдық оқу мерзімінде алғашқы 3 ай бойы өтілген сабақтардан қорытынды емтихан алынды.
Шәкірттер осы уақыт ішінде өтілген мына бағыттар бойынша ауызекі және жазбаша емтихан тапсырды.
— Құран оқу;
— Құран жаттау;
— Тәжуид ережелерін білуі.
Емтиханды аталмыш мешіттің әйел-қыздар ұстазы Насиба Исмаилова бақылап тұрды.
Айта кетсек, бұл емтихан «Тура Жол» мешіті қасындағы діни сауат ашу жылдық курстарында шәкірттерден әр 3 ай сайын алынатын емтиханның алғашқы кезеңі болып табылады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



