Шымкент қаласы, «Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде» Құранды мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Бұл сайыс «Асыл аналар» тобының шәкірттері арасында өткізілді. Құранды мәнерлеп оқуға ақ жаулықты он бес аналарымыз қатысып, әділ қазылардан өз бағаларын алды .
Нәтижесінде
1 орын Оралқызы Айбарша апа
2 орын Әбілдабекқызы Дүрия апа
3 орын Максимқызы Закира апа ие болды.
Құран Кәрімді оқудан алға шыққан шәкірттерге сыйақылар табысталды.
Болашақ үлгі-өнеге бола білген аналарымыз аман болсын.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі









