Шымкент қаласы Әл — Фараби ауданына қарасты Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінде мешітіміздің бас имамы Өмірзақ Мамырхан Батуханұлының бастамасымен әйел қыздар ұстазы Айнақұлова Әсем ұстаздың қатысуымен “Дін мен Дәстүр” тақырыбында семинар өтті.
Семинар ең әуелі Алланың кәлемі Құран Кәріммен басталды.
Семинарда Дін мен дәстүрді ұштастырып тақырып кеңінен талқыланды.
Жамағат өздерінің ойландырып жүрген сұрақтарына толық жауап ала алды. Және де Әл-Фараби ауданының наиб имамы Дін мен Дәстүрге жауапты өкілі Жүсіп Рамазан мырзада семинарға қатысты және өз уағыз насихатын жамағатқа жолдады. 
Ислам діні ұлты­мыз­дың басты рухани негізі, ата-баба­ларымыздың ұстанған, қас­тер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген. Өмірлік тұрмысымызға айналған дәстүрлеріміздің көбі асыл дінімізден бастау алған. Осылайша асыл дініміз қазақ халқының рухани дүниесін қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың танымы, мәдениетімен біте қайнасып кеткен.
Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38