Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы жастар бөлімінің ұйымдастыруыменен “Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің және қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер бабамыздың 180 жылдығына орай, Абай оқулықтарын халыққа насихаттау мақсатында Абай аудандық “Кенесары хан” мешітінде Дін мен Дәстүр бөлімінің аудан бойынша жетекшісі Аманқұл Қажымұхан Асанұлы мешіт жамағаттарына арнай Абай атамыздың еңбектері көрсетіліп, қара сөздері насихатталды.
Және де шара барысында жамағаттар арасында қара сөздерін жатқа айтудан жарыс ұйымдастырылды.
Қазақ руханиятының шамшырағы болған ұлы ойшылдың мұрасы — өшпес қазына, болашаққа жол нұсқар рухани темірқазық.🕊
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


