ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» — рухани бағыттың бастауы мен “Ислам діні жастарға үлкендердің ақылын тыңдап, оларға құрмет көрсетуді үндейді”, — атты аудандық Семинар барысында, аудан имамы Ербол Қалшабек қаланың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, бұл семинардың мән-маңызына тоқталып, Жастарға кітап оқудың, Білім алу мен спортпен шұғылданудың, Ата анаға қамқор, қоғамда адамзат баласымен жақсы мәміледе болуды атап өтті.

Семинар соңында, аудан имамы Ербол Тастанбекұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің жыл басында жасаған «Бағдарлық баяндамасына» орай бекітілген жылдық жұмыс жоспарының орындалуы бойынша қала имамының жетекшілігімен өтетін жиналыста ауданымыздың жыл бойғы атқарған жұмыстарымыздың есебі тыңдалатынын, соған жоғары деңгейде дайындалу керектігін баса айтып, келген имамдарға алғыс айтты.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38