ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» — рухани бағыттың бастауы мен
«Отбасының өнегесі — отан өнегесі»,- атты аудандық көшпелі семинар өтті.
Семинар барысында, аудан имамы Ербол Қалшабек қаланың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, бұл семинардың мән-маңызына тоқталды.
Семинарда “Спорт — денсаулық кепілі”,- атты тақырыбы мен Қаратау ауданының “Спорт жетекшісі, ”Жанқожа” мешітінің Имамы Ерхан Әбішұлы Нұрақ баяндама жасады.
Семинар соңында, аудан имамы Ербол Тастанбекұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти хазреттің жыл басында жасаған «Бағдарлық баяндамасына» орай бекітілген жылдық жұмыс жоспарының орындалуы бойынша қала имамының жетекшілігімен өтетін жиналыста ауданымыздың жыл бойғы атқарған жұмыстарымыздың есебі тыңдалатынын, соған жоғары деңгейде дайындалу керектігін баса айтты.


