Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының бастамасымен, Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент медірессе колледжінің шәкірттеріне “Жастар руханият шамшырағы” атты семинар-тренинг болып өтті.

Шараға Жастар бөлімінің жетекшісі Әзімбек Қарабеков ұстаз, жәнеде Еңбекші ауданы жастар бөлімі жетекшісі Нарботаев Ержан ұстаз арнайы қатысып насихат жүргізді, шәкірттерге жастық шақтың пендеге Алладан берілген үлкен сый екендігі, оны өз уақытымен өткізе біліп, білімге дамуға арнау керектігі жайлы семинар тренинг өткізді.
Шара барысында шәкірттердің көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.

Және де осы іс шараға ұйытқы болған медірессе директоры мен ұстаздарына арнайы алғысын білдірді.

Шараға медірессе шәкірттерінің 1-курс шәкірттері қатысып, оларды білімге ынталандыру мақсатында арнайы сый сиапаттар таратылды.

Шараны ұйымдастырып ат салысқан барша жандарға Алла разы болсын!!!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38