Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының бастамасымен, Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент медірессе колледжінің шәкірттерін “DINTELLEKT “ дін мен дәстүрді қоса қамтыған сұрақ жауап сайысы болып өтті.
Шара барысында Жастар бөлімінің жетекшісі Әзімбек Қарабеков ұстаз, және Еңбекші ауданы жастар бөлімі жетекшісі Нарботаев Ержан ұстаз арнайы қатысып, Дін мен дәстүр құндылығы, жәнеде дәстүрдің маңыздылығы жайлы насихат жүргізді. Және де шәкірттерге ілім алудың маңыздылығы жайлы аят хадистерімен бөлісіп тәнті етті.
Және де осы іс шараға ұйытқы болған медірессе директоры мен ұстаздарына арнайы алғысын білдірді.
Сайысқа медірессе шәкірттерінің 1-курс шәкірттері қатысып бақ сынады. Шара соңында жүлделі орынға ие болған шакірттерге арнайы сый сиапаттар, және де барша қатысқан шәкірттерге ынталандыру мақсатында сый сиапаттар таратылды.
Шараны ұйымдастырып ат салысқан барша жандарға Алла разы болсын!!!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі















