ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің қолдауымен және Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасы негізінде, Әл-Фараби ауданына қарасты Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінде медресе шәкірттеріне арналған спорттық ынталандыру шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара “Жастар ісі” бағыты аясында Жастар ісі секторы мен мешіт имамдарының бірлесуімен өтті.

Шараның басты мақсаты — жас шәкірттердің спортқа қызығушылығын арттыру, олардың жігерін шыңдап, бос уақыттарын пайдалы іспен өткізуіне мүмкіндік жасау болды. Сайыс бағдарламасына стол теннисі мен турник-брусья бағыттары енгізіліп, қатысушылар өзара тартысты бәсекеге түсті.

Жеңімпаздар лайықты марапаттарын алып, арнайы ақшалай сыйлықтармен қуантылды.
Ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға шынайы алғыс білдіреміз. Алла разылығын нәсіп етсін!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38