Шымкентке мүфтияттың төл басылымдарын тізгіндеген ақпарат мамандары ат басын тіреді. Қос мерзімді баспа Мұнара және Иман журналдарының жетекшілері қала имамдарына ақпарат және әлеуметтік желі тақырыбында семинар өтті. Мұнара газетінің директоры Ағабек Қонарбайұлы газеттің рухани ағартушылық, танымдық қызметінен бөлек қайырымдылық жолында да ерекше рөлге ие екенін айтты. Газетті оқып, игілік көріп жатқан жандар көп. Сондықтан төл басылымдарды жамағатқа насихаттап, оны кеңінен тарату ісін арттыра беру керектігін жеткізді. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы мешіттердің басылымдарға белсенді жазылғанын ризашылықпен айтып, алғысын білдірді.

Шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы мүфтият мамандарына арнайы семинар үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қала имамдарына да, мүфтияттың төл басылымдарына жазылу барысында көрсеткен белсенділіктеріне алғысын айтты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38