Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Қарабастау» мешітінде «Құран — жүрек тыныштығы» атты ІІІ қалалық Құран жарысы өтті.
Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа елімізге белгілі қари ұстаз Кәмілжан Сыздықов, әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Сейтжан қари мешітінің найб имамы Шоқан Уали қари төрелік етті.
Жалпы 25 қатысушылар 3 пара негізінде жарысқа қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша:
І-орын Ілияс Алихан Бахытұлы (Тұран ауданы)
ІІ-орын Абдиравувов Абдужаббар Улугбекович (Абай ауданы)
ІІІ-орын Жүнісәлі Абдулла Махсатұлы (Әл-Фараби)
Көрермен көзайымы аталымына Төрегелді Абдулазиз Бекжігітұлы (Қаратау ауданы). Ал
Ең жас қатысушы аталымына
Гулмурат Абубәкір Рахматұлы (Абай ауданы) иеленді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа демеуші болған азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жарыс нәтижесінде жүлдегерлерге қаржылай сыйақы, диплом беріліп қалалық Құран жарысына жолдама берілді.
Жарыс соңында Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Сейтаев Берік Қарабастау мешітінің имамы, Қалкөзов Асылтемір ұстазыға т.б.азаматтарға Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Орын алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






























