Бүгін ҚМДБ Төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Абдрахман мешітінде көшпелі оқу семинары өтті.
Басқосуға бірнеше баяндамашылар қатысты. Солардың қатарында қалалық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. «Жамағаттың сұранысына сәйкес ҚМДБ уағыз- насихат бағытына негізге ала отырып күнделікті бесін намазынан кейін Түскі уағыз жобасы іске қосылды. Негізгі мақсаты — түскі уақытта жамағатқа кең көлемде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады», — деді Мұхамеджан Естеміров.
Сонымен қатар, айтулы басқосуда дін қызметкерлеріне Уағыз айту әдебі құжатын таныстырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі













