Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы орай Шымкент қаласы Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде « Құран сөзі — асыл қазына» атты марқұм Гаухар ана құрметіне арналған Құран жарысы өтті.
Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін айтып, аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысты дінтанушы Асқарғали Сатыбалдиев жүргізді Жарысқа елімізге белгілі қари ұстаз әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Кенесары хан мешітінің найб имамы Рахманберді Құдайбергенұлы, Гаухар ана мешітінің найб имамы Дархан қари Мұхамеджанұлы төрелік етті.
Жалпы 21 қатысушылар 3 пара негізінде жарысқа қатысты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа Гаухар ана ұрпақтары демеушілік көрсетті. Жарыс нәтижесінде жүлдегерлерге қаржылай сыйақы, диплом беріліп қалалық Құран жарысына жолдама берілді.
Жарыс соңында Жарыстың жоғары деңгейде өтеуне үлес қосқан Ғалымжан Назаров, Саян Ысқақ, Қажымұқан Аманқұлов т.б азаматтарға Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі















