Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды ұлы мереке – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының бастауы ғана емес, халқымыздың азаттығы мен егемендігі жолындағы тарихи кезеңдерді еске салатын және бүгінгі тұтас елдің бірлігін айқындайтын тарихи маңызды мереке. Талай тарихты басынан кешкен бұл күннің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесіне айналғаны мерекелік қуанышты еселей түседі. Иә, Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын, елдік пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың мерекесі. Жеріміздің тұтастығы, халқымыздың ынтымағы мен елдің егемендігі мәңгі болсын! Мереке құтты болсын, ардақты ағайын!
Ел аман, жұрт тыныш болсын!
