2018 жылдың 14 ақпан күні Түркістан қаласы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында Түркістан қалалық Ішкі саясат бөлімінің және орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің ұйымдастыруымен оқушылармен кездесу болып өтті.
Кездесу «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, теріс көзқарастардан қайтару» тақырыбында өрбіді. Әуелі сөзді орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы жастарға «Ілім алу» туралы уағыз айтса, Түркістан қалалық емханасының психолог маманы «Жастар бойындағы психологиялық көзқарастардың қалыптасуы» тақырыбында айтса, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Нағызхан Ілияс «Ағымдар кесапаты» жайлы насихат айтты.
Кездесу барысында жастар сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі