Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Сейтжан қари мешітінде Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің кеңейтілген жиналыс өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Дәурен Тасқараев, Қазыбек Сарыбаев, Исламқұл Иманқұлұлы, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев т.б. аудан мешіт имамдары қатысты.
Жиналыс барысында ҚМДБ-ның төрт бағыт жұмыстары: дін мен дәстүр, жат ағымның алдын алу, діни оқу ағарту және уағыз-насихат жұмыстарының есебі тыңдалды. Мұнымен қатар, ҚМДБ қабылдаған құжаттарды насихаттау, Дархан дала туризм саласы, Уақып қорының жұмысы т.б атқарған жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы жыл басында берілген тапсырмаларды толық орындау қажет деп аталмыш бағыттардың жұмысын ширатуды тапсырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38