Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Сейтжан қари мешітінде Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің кеңейтілген жиналыс өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Дәурен Тасқараев, Қазыбек Сарыбаев, Исламқұл Иманқұлұлы, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев т.б. аудан мешіт имамдары қатысты.
Басқосу аясында Шымкент қаласы бойынша Дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Ахметжан Керімбек арнайы баяндама жасады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







